Ашық есік күні! » Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі
Алматинская область білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
06
сентябрь
2019

Ашық есік күні!

І.Жұмағұлов мектебінде 6 қыркүйек күні жалпы ата-аналар үшін ашық есік күні болып жарияланды. Ондағы мақсат ата-аналарға төмендегі интернет порталдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Олар:  
  1. Mektep SitCen – интернет порталы  туралы   Mektep SitCen -– интернет порталы мектептермен тікелей әріптестіктегі баршаға қолжетімді база, мәселелердің алқалық шешімі   және   педагогтар, ата-аналар, мемлекеттік органдар арасындағы кәсіби ашық  диалог.   Бұл интернет порталына тіркелу өте қиын емес қажетті батырмаларды басқаннан кейін номеріңіз және құпия сөзіңізді жазып тіркелесіз. 
     Сонымен қатар порталды жеңілдікпен  тамақтану, мектептен мектепке ауыстыру, сыныптан сыныпқа ауыстыру т.б қажетті мемлекеттік қызметтер бөлімдері қарастырылған. Өтініштерді беру үшін өз профайлдарыңызды толтырып, келесі қадамдар бойынша толтырасыздар. Өтінішке жауап жеке кабинет бөліміне смс  хабарлама ретінде келеді. Сізге жауап ресми түрде 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей келеді
  2. E-zhetysu.kz электрондық кезегі туралы 
  3. Қызметті онлайн алу үшін төмендегі әрекеттерді орындауыңыз қажет:
    1.  "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
    2. Өтінімді толтыру және жіберу  (ЭЦҚ  талап етіледі). Аймақты таңдау, ЖСН немесе тегін, атын және баланың туған күнін, байланыс деректерін енгізу.
    3. Жеке кабинетте  («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өңделген хабарламамен танысу. Кезекті әрі қарай қадағалау үшін "Балабақшаға кезек нөмірін қарау" қызметін пайдалануға болады.
    4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" тарауында) МДБМ жолдаманы келісу туралы хабарламамен танысыңыз. Қажеттілігі болғанда пайдаланушының байланыс деректерін өзектілендіру.
    5. Жеке кабинетте жолдамамен келіскен жағдайда («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) МДБМ-не жолдамамен танысу.
  4. Ескерту:
      Қоса берілетін құжаттардың барынша көп рұқсат етілетін көлемі - 5 МБ аспауы тиіс.
     Онлайн-қызмет 2007 жылдың 13 тамыздан кейін ҚР туған бала ғана ала алады.