Психолог бұрышы - Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/ ru Психолог бұрышы - Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі DataLife Engine "Сенімділікті арттыру" https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/psiholog-bryshy/288-senmdlkt-arttyru.html https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/psiholog-bryshy/288-senmdlkt-arttyru.html Тренинг-сабағымыздың тақырыбы «Адам бойындағы сенімділікті арттыру» 

 Күні:

 1.«Мен қалаған есім» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың өзін жайлы сезінуін қалыптастыру, тренингке белсенділігін арттыру.

Нұсқау: Оқушылар өздеріңді қалай атағанды ұнатасыңдар? Ата-аналарың, достарың, мұғалімдерің, туыстарың,сыныптастарың?

Релексация: Өзіңді солай атағанда қалай сезіндіңдер? Бұдан кейін өзіңді солай атауын қалайсың ба?

2. «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктейміз , оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау:

-Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

- Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз.Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге жиналуымызда бір себеп бар- ол ҰБТ-дан жақсы жетістікке жету. бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір

«Емтихан уақытында өзіңді қалай ұстау керек?» шағын – дәріс

Мақсаты: Емтиханға дейін және уақытында өзіңді ұстау ережелерімен түлектерді

таныстыру.

Уақыт: 15 минут

Емтиханға қандай киім кию керек?

Киімнің түсі байыпты, жылы болу керек. Шамадан тыс ақшаңқай, алабажақ киімдер кимеуге тырысыңыз, костюмнің кейбір тыс көз тартатын бөліктері болмағаны жақсы, себебі емтиханда қарым - қатынас жасайтын адамның жағымсыз эмоциясын тудыруы мүмкін. Әрдайым өлшем, шек сезімін естен шығармаңыздар. Артық ештеңе болмасын. Ал емтиханнан кейін бәрін өз талғамыңмен киесің.

Емтиханға дейін және барысындағы іс - әрекетіңе нұсқаулар:

  1. Емтиханға бір күн қалғанда ештеңе жасамауға тырыс. Егерде бір тақырыпты аяғына дейін оқымаған болсаң, оқуға да тырыспа. «Өлім алдында тыныстап үлгермейсің». Демал, көңіл көтер, ертеңгі емтихан туралы ұмытуға тырыс.
  2. Емтихан алдында міндетті түрде ұйқыңды қандыр.
  3. Міне, сынып есігіңнің алдындасың! Сабырлан! «Мен сабырлымын! Мен толық сабырлымын!» - деп бірнеше рет қайтала. Алғашқы лекпен жауап беруге тырыс. Мазасызданған сыныптастарыңның қасында көбірек болсаң, қорқыныш, сенімсіздік сезімі билеп, стресс күшейе түседі.
  4. Өз эмоцияларыңды ретке келтіріп, ойыңды жинақта.
  5. Сыныпқа сеніммен кір, бәріде ойдағыдай болады.
  6. Жайланып отыр, арқаңды түзе. Өзіңді бәрінен биік, ақылды айлакер және бәріде ойдағыдай болады деп ойла. «Мен сабырлымын! Мен толық сабырлымын!» деген сөздерге зейініңді шоғырландыр, сонымен қатар асықпай бірнеше рет қайтала. Ойларыңнан арылуға тырыспа, себебі одан сайын мазасыздықты күшейтеді. Соңында жұмылдырығыңды қатты қыс.
  7. Мазасыздануды жоюға арналған тыныс алу жаттығуын орында:
  8. жайланып отыр
  9. мұрныңмен терең дем ал (4-6 секунд)
  10. ауаны іште ұста (2-3 секунд)
  11. Әрі қарай алаңдамау, артық сұрақтар қоймау үшін бар назарыңды салып емтихан жүргізушісін тыңда. Ол тестілеу жұмысын толтыру, орындау ережелерін түсіндіреді: бланкті толтыру, қандай әріптер жазу керек, мектеп номерін кодтау т.б.
  12. Жұмысқа толықтай кірісуге және айналадағылардың бар екенін ұмытуға тырыс. Сен үшін тек қана уақыт тіршілік етеді, тесті орындау, бланк пен тапсырманы толтырудың шектеулі уақыты бар. Байыпты, тездет. Тапсырманы соңына дейін оқы. Асығыстық тапсырманың бірінші сөзін оқып, аяғын ойдан құрастыруға алып келеді.
  13. Барлық сұрақты қарап шық және өзің жауабына сенімділерінен баста. Сонда ғана сен сабырланып, жұмыс ырғағына енесің. Кез – келген тестте сен жауабын нақты білетін сұрақ болады, сондықтан ойыңды жинақта.
  14. Бір тапсырманы аяқтап, екіншісіне кіріскенде алдыңғысын ұмыт, себебі тест тапсырмалары бір – бірімен байланысты емес.
  15. Сызу әдістемесі арқылы жұмыстан! Сұраққа маңдаспайтын жауаптарды бірінен соң бірін сызып отыр.
  16. Егер де жауабыңыздың дұрыстығына күмәндансаң, таңдауға қиналсаң, өзіңнің ішкі сезіміңе (интуиция) сен!
  17. Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр, ең болмағанда көзбен жүгіріп, бақырайып тұрған қателерді дұрыстайсың.
  18. Бүкіл тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ практикада бұл мүмкін еместігін есіңнен шығарма. Өйткені тест тапсырмалары шатыстыру, ойлану үшін күрделі құрастырылады, ал жақсы бағаға кем дегенде тапсырманы 70% қажет.

Жауап беру кезіндегі мінез – құлықың

Егерде емтихан алушы энергиялы адам болса, ал сенің көзқарасың жабырқаңқы, жауабың үлкен үзілістермен сыбырлап жеткізілетін болса, емтиханшының үмітін ақтамағаның.

Егерде емтихан алушы сабырлы, ұстамды адам болса, сенің шамадан тыс ым – ишараң, оның санасыз болсада ыңғайсыздығын тудырып, қанағаттанбауына әкеледі. Ешқашан мөлшер, шекті ұмытпа! Артық ештеңе болмасын!

]]>
Тренинг-сабағымыздың тақырыбы «Адам бойындағы сенімділікті арттыру» 

admin Thu, 02 Feb 2023 11:48:40 +0600
Ата-аналарға жаднама! https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/main/289-ata-analara-zhadnama.html https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/main/289-ata-analara-zhadnama.html АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА «Қауіпсіз каникул   2022»

Құрметті ата-аналар! Сіздер білесіздер ме? Барлық құқықбұзушылықтың

 55%-дан астамы  каникул кезінде жасөспірімдермен жасалады. Жасөспірімдердің қайғылы оқиғаға ұшырауы да негізінен жазғы каникул кездерінде болады. Сондықтан, жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігі мен қамтылуын қамтамасыз ету аса маңызды. 

Жолда абай бол!

Жолдағы қауіпсіздік – бұл ата-аналар немесе қамқоршылардан үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет, бұл қауіпсіздікті елеусіз қалдыруға болмайды. Жасөспірімге  жаяулар үшін де, көлік жүргізушілері үшін де ережелер бар екендігін үнемі ескертіп отырыңыз. 

Су қоймаларының жанында абай болыңыз!

Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше қағидаларды есте сақтаған жөн: 

Демалыс орындарын, судың тереңдігін,су түбінде тырбиған ағаш, балдыр немесе балшық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таныс су қоймаларының арналары мен түбі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін. 

Суға шомылып жүрген балаларды ересектер үнемі бақылауда ұстауы тиіс. 

Егер жасөспірімдер өз беттерімен шомылуға кетіп бара жатса, құтқарушы мен медбике посты бар жағажайларға баруын қадағалаңыздар. Балаларға жүзуді үйретіңіз, сонымен қатар әр түрлі төтенше қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін де үйретіңіз. 

СУДА ДЕМАЛА ЖҮРІП, ЖАҒАДА НЕМЕСЕ СУДЫҢ ІШІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР БАР ЕКЕНДІГІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.

            ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ–СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ

           АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ.

  • Жасөспірімнің ғаламтордағы қауіпсіздігі!

Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» ,«Инстаграм» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар. 

Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. 

]]>
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА «Қауіпсіз каникул   2022»

admin Thu, 29 Dec 2022 11:52:22 +0600
Қауіпсіз Жаңа Жыл! https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/285-aupsz-zhaa-zhyl.html https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/285-aupsz-zhaa-zhyl.html Қауіпсіз Жаңа Жыл

Жаңа жылды мерекелеу күндері пиротехникалық бұйымдар мен электр гирляндтарынан өрттер мен адамдардың жарақаттану қаупі артадыотпен абайсызда жұмыс істеу салдарынан өрттер саны артадыНегізгі орын азаматтардың тұрғын үйлері мен аула ғимараттарысондай-ақ автомобильдер болып табыладыҚұрметті Кеген ауданының тұрғындары! Өрттің алдын алу мақсатында:

  1. Шыршаны тұрақты негізге орнатыңыз және бөлмеден шығуға кедергі жасамаңыз.

  1. Ақаулы электр гирляндаларын пайдалануға жол бермеңіз.

  1. Үй-жайларда пиротехникалық бұйымдар мен ашық отты пайдаланбаңыз.

  1. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, оларға отты пайдалану ережелерін үйретіңіз.

  1. Электр сымдарының жарамдылығын қадағалаңыз, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз, үйдегі электр құрылғыларын қолдануға жол бермеңіз.

  1. Қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.

  1. Төсекте темекі шекпеңіз. Есіңізде болсын, темекі мен алкоголь өрттің белсенді қатысушылары.

Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай! Өрт болған жағдайда дереу «101», «112» құтқару қызметінің телефонына қоңырау шалыңыз, не жанып жатқанын, мекен-жайын және фамилияңызды нақты хабарлаңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз! Жаңа жылдық мерекелер құтты болсын!

]]>
Қауіпсіз Жаңа Жыл

admin Thu, 22 Dec 2022 09:20:28 +0600
Балалық шаққа саяхат https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/271-balaly-shaa-sajahat.html https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/271-balaly-shaa-sajahat.html ]]> ]]> admin Wed, 19 Oct 2022 10:31:17 +0600 "Ұшқан ұя" https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/main/273-shan-ja.html https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/main/273-shan-ja.html ]]> ]]> admin Tue, 18 Oct 2022 10:34:45 +0600 "Сен білесің бе?" https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/main/272-sen-bles-be.html https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/main/272-sen-bles-be.html ]]> ]]> admin Wed, 12 Oct 2022 10:33:00 +0600 "Аю мен маса" ертегісі https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/274-aju-men-masa-ertegs.html https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/o-detskom-sade/274-aju-men-masa-ertegs.html
]]>

]]>
admin Mon, 10 Oct 2022 10:40:14 +0600
Оқуға құштар мектеп https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/main/269-oua-shtar-mektep.html https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/main/269-oua-shtar-mektep.html ]]> ]]> admin Thu, 06 Oct 2022 09:52:22 +0600 "Қазақ тілі - менің ана тілім " https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/main/264-aza-tl-men-ana-tlm-.html https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/main/264-aza-tl-men-ana-tlm-.html ]]> ]]> admin Wed, 07 Sep 2022 16:04:06 +0600 Психолог құқықтары мен міндеттері https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/psiholog-bryshy/mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter/276-psiholog-ytary-men-mndetter.html https://zhumagulov-kokpiyaz.mektebi.kz/psiholog-bryshy/mektep-psihologyny-ytary-men-mndetter/276-psiholog-ytary-men-mndetter.html admin Fri, 02 Sep 2022 15:35:52 +0600