ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ » Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ
03
сентябрь
2018

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ

Хаттама №1
"Іңкәрбек  Жұмағұлов атындағы  орта   мектебі  мектепке  дейінгі   шағын  орталығымен  және  Көкпияз  бастауыш    мектебімен"  коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі
 03.09.2018ж
"Іңкәрбек  Жұмағұлов атындағы  орта   мектебі  мектепке  дейінгі   шағын  орталығымен  және  Көкпияз  бастауыш    мектебімен"  коммуналдық  мемлекеттік   мекемесінің ата-аналар комитетінің жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиіс:   35
Қатысқаны:  33
Күн тәртібінде:
1.Мектепте қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрылуы жайлы
А.Оспанова
      2. Қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрамын сайлау.
А.Қадырбаева
Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша , яғни мектептегі қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрылуы жайлы осы мектептің ата-анасы   А.Оспанова  сөз алды. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде    мектепте міндетті түрде қамқоршылық – қорғаншылық кеңесінің құрылуы туралы керектігін атап айтты. Құрылған кеңестің негізгі жұмысы мектептегі аз қамтылған отбасының балаларына қажетті көмектермен қамтамасыз ету керектігін көрсетті. Кеңестің негізгі мақсаты - міндетті білім қорынан бөлінген қаржыға аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсету және ата-аналар тарапынан мектептің материалдық базасын нығайтуға демеушілер тарту екенін атап айтты.
2.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған мектептің ата-анасы А.Қадырбаева  білім беру ұйымдарында  қамқоршылық   кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің жалпы ережелеріне сәйкес кеңес құрамы ең кемі жеті адамнан болады.Сонымен қатар олар мынандай адамдар болуы шарт кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ болуы керек. Менің ұсынысым мына төмендегідей ата-аналардан құрылсын.
1.Саниязов С
2.Оспанова А
3. Муханова М
4.Жұмағли А
5. Рысбекова А
6.Найзабеков Ә
7. Әлімжанова Г
8. Майлықұлова Б
9.Сражденова М
            Сөйлеушілер: 3 «б» сыныбының ата-аналар комитетінің төрайымы А. Пралиева сөз алып, мектепте қамқоршылық кеңес жүйелі түрде жұмыс атқаруы тиіс. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде , білім беру ұйымдарында  қамқоршылық    кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің жалпы ережелеріне сәйкес кеңес құрамы ең кемі жеті   адамнан болады.Менің ұсынысым аттары аталған кеңес мүшелері сайлансын. 
6 - сыныбының ата-аналар комитетінің төрайымы  М.Саламатова  сөз алып менің айтайын дегенім, мектептің материалдық техникалық базасын жаңартуға да, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына жиналған қаражат есебінен көмек көрсету. Менің ұсынысым аттары аталған кеңес мүшелері сайлансын. 
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап талқылай келе ата-аналар комитеті жиналысы қаулы етеді.
Қаулы:
  1.      2018-2019   оқу жылына мектепте қамқоршылық   кеңесі құрылсын. 
  2.  Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру, мектепке демеушілер тарту кеңес мүшелеріне міндеттелінсін.
  3. Мектепте 2018-2019 оқу жылына жаңа құраммен кеңес 9 адамнан құрылсын.
  4. Кеңеске жоғарыдағы ата-аналар енгізілсін.
Хатшы:                    А.Оспанова