"Сенімділікті арттыру" » Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
февраль
2023

"Сенімділікті арттыру"

Тренинг-сабағымыздың тақырыбы «Адам бойындағы сенімділікті арттыру» 

 Күні:

 1.«Мен қалаған есім» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың өзін жайлы сезінуін қалыптастыру, тренингке белсенділігін арттыру.

Нұсқау: Оқушылар өздеріңді қалай атағанды ұнатасыңдар? Ата-аналарың, достарың, мұғалімдерің, туыстарың,сыныптастарың?

Релексация: Өзіңді солай атағанда қалай сезіндіңдер? Бұдан кейін өзіңді солай атауын қалайсың ба?

2. «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктейміз , оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау:

-Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

- Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз.Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге жиналуымызда бір себеп бар- ол ҰБТ-дан жақсы жетістікке жету. бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір

«Емтихан уақытында өзіңді қалай ұстау керек?» шағын – дәріс

Мақсаты: Емтиханға дейін және уақытында өзіңді ұстау ережелерімен түлектерді

таныстыру.

Уақыт: 15 минут

Емтиханға қандай киім кию керек?

Киімнің түсі байыпты, жылы болу керек. Шамадан тыс ақшаңқай, алабажақ киімдер кимеуге тырысыңыз, костюмнің кейбір тыс көз тартатын бөліктері болмағаны жақсы, себебі емтиханда қарым - қатынас жасайтын адамның жағымсыз эмоциясын тудыруы мүмкін. Әрдайым өлшем, шек сезімін естен шығармаңыздар. Артық ештеңе болмасын. Ал емтиханнан кейін бәрін өз талғамыңмен киесің.

Емтиханға дейін және барысындағы іс - әрекетіңе нұсқаулар:

  1. Емтиханға бір күн қалғанда ештеңе жасамауға тырыс. Егерде бір тақырыпты аяғына дейін оқымаған болсаң, оқуға да тырыспа. «Өлім алдында тыныстап үлгермейсің». Демал, көңіл көтер, ертеңгі емтихан туралы ұмытуға тырыс.
  2. Емтихан алдында міндетті түрде ұйқыңды қандыр.
  3. Міне, сынып есігіңнің алдындасың! Сабырлан! «Мен сабырлымын! Мен толық сабырлымын!» - деп бірнеше рет қайтала. Алғашқы лекпен жауап беруге тырыс. Мазасызданған сыныптастарыңның қасында көбірек болсаң, қорқыныш, сенімсіздік сезімі билеп, стресс күшейе түседі.
  4. Өз эмоцияларыңды ретке келтіріп, ойыңды жинақта.
  5. Сыныпқа сеніммен кір, бәріде ойдағыдай болады.
  6. Жайланып отыр, арқаңды түзе. Өзіңді бәрінен биік, ақылды айлакер және бәріде ойдағыдай болады деп ойла. «Мен сабырлымын! Мен толық сабырлымын!» деген сөздерге зейініңді шоғырландыр, сонымен қатар асықпай бірнеше рет қайтала. Ойларыңнан арылуға тырыспа, себебі одан сайын мазасыздықты күшейтеді. Соңында жұмылдырығыңды қатты қыс.
  7. Мазасыздануды жоюға арналған тыныс алу жаттығуын орында:
  8. жайланып отыр
  9. мұрныңмен терең дем ал (4-6 секунд)
  10. ауаны іште ұста (2-3 секунд)
  11. Әрі қарай алаңдамау, артық сұрақтар қоймау үшін бар назарыңды салып емтихан жүргізушісін тыңда. Ол тестілеу жұмысын толтыру, орындау ережелерін түсіндіреді: бланкті толтыру, қандай әріптер жазу керек, мектеп номерін кодтау т.б.
  12. Жұмысқа толықтай кірісуге және айналадағылардың бар екенін ұмытуға тырыс. Сен үшін тек қана уақыт тіршілік етеді, тесті орындау, бланк пен тапсырманы толтырудың шектеулі уақыты бар. Байыпты, тездет. Тапсырманы соңына дейін оқы. Асығыстық тапсырманың бірінші сөзін оқып, аяғын ойдан құрастыруға алып келеді.
  13. Барлық сұрақты қарап шық және өзің жауабына сенімділерінен баста. Сонда ғана сен сабырланып, жұмыс ырғағына енесің. Кез – келген тестте сен жауабын нақты білетін сұрақ болады, сондықтан ойыңды жинақта.
  14. Бір тапсырманы аяқтап, екіншісіне кіріскенде алдыңғысын ұмыт, себебі тест тапсырмалары бір – бірімен байланысты емес.
  15. Сызу әдістемесі арқылы жұмыстан! Сұраққа маңдаспайтын жауаптарды бірінен соң бірін сызып отыр.
  16. Егер де жауабыңыздың дұрыстығына күмәндансаң, таңдауға қиналсаң, өзіңнің ішкі сезіміңе (интуиция) сен!
  17. Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр, ең болмағанда көзбен жүгіріп, бақырайып тұрған қателерді дұрыстайсың.
  18. Бүкіл тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ практикада бұл мүмкін еместігін есіңнен шығарма. Өйткені тест тапсырмалары шатыстыру, ойлану үшін күрделі құрастырылады, ал жақсы бағаға кем дегенде тапсырманы 70% қажет.

Жауап беру кезіндегі мінез – құлықың

Егерде емтихан алушы энергиялы адам болса, ал сенің көзқарасың жабырқаңқы, жауабың үлкен үзілістермен сыбырлап жеткізілетін болса, емтиханшының үмітін ақтамағаның.

Егерде емтихан алушы сабырлы, ұстамды адам болса, сенің шамадан тыс ым – ишараң, оның санасыз болсада ыңғайсыздығын тудырып, қанағаттанбауына әкеледі. Ешқашан мөлшер, шекті ұмытпа! Артық ештеңе болмасын!