Қарттарым, аман-сау жүрші... » Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2018

Қарттарым, аман-сау жүрші...

Қарттарым, аман-сау жүрші...
Əрдайым "үлкенге құрмет-кішіге ізет ететін" Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік акциясы болып өтті.
Акция қарттарымызды құрметтеу, өлшеусіз еңбектерін бағалау, қарт кісілерге көмек қолын созу және болашақ ұрпаққа патриотизмді дәріптеуге бағытталды. Қарттарымызды қадірлеп, құрметтеу, өлшеусіз еңбектерін бағалау, қарт адамдарға көмек қолын созу және болашақ ұрпақтың парызы.
Акция барысында оқушыларымыз бен ерікті жастар жалғызбасты, көмекке зәру қарттарымыздың шаңырағында басқосып, амандықтарын білісіп, бір қатар игілікті істер атқарды.
Акция аясында қарт аналарымыздың үйінің ауласын қардан тазартып, отынын жарып, суын тасып қолғабыс етті. Белсенді жастар мен оқушыларымыз алдағы уақытта да қарт кісілерге, ақ жаулықты аналарымызға қолдан келген көмектерін көрсету мақсатындағы игі шараларын жалғастыратын болады.


Қарттарым, аман-сау жүрші...

Шырғанақ ауылының тұрғыны Аужан атамыз бен 10-сынып оқушылары