«15 мамыр- Халықаралық отбасы күні » Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «15 мамыр- Халықаралық отбасы күні
04
июнь
2019

«15 мамыр- Халықаралық отбасы күні

[left][center]Хаттамасы №1
«15 мамыр- Халықаралық отбасы күніне орай жалпыұлттық ата- аналар жиналысы болып өтті».

Өткен күні: 15. 05. 2019ж
Өткен уақыты сағат 18: 00
Мектеп: "Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Көкпияз бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қатысқандар: Кеген ауданы "Білім бөлімі" мм әдіскері Н.Қ.Толымбекова, Шырғанақ селолық округінің бас маманы Мұханова Маржан, қомқршылық кеңесінің төрағасы С.Саниязов және қамқоршықы кеңес мүшелері, аналар кеңесінің төрайымы Садырова Н. мектеп директоры Мусаева Қуан Несіпбекқызы, 1-11- сынып жетекшілері, ата -аналар комитетінің төрайымы А.Қадырбаева.
Барлық ата- аналар саны: 73
Жиналысты жүргізуші : Құрымбева Жанар

Баяндамашылар:
1. "Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Көкпияз бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Мусаева Қуан Несіпбекқызы
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Құрымбаева Жанар
3. Педагог-ұйымдастырушы Үсенұлы Р
Көрсетілген бейне роликтер саны: 4 бейне жазба.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.ҰБТ-ға дайындық , оқушылардың білім сапасы. (Мусаева Қ)
2. "Мектеп бітіру кеші" (бітірушілер мектеп формасын сақтау). (ТІЖО Ж.Құрымбаева)
3. Жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстары. (ТІЖО Ж.Құрымбаева)
4. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету. (Педагог- ұйымдастырушы Р.Үсенұлы)

Тыңдалды
Мектеп директоры Қ.Мусаева. ҰБТ-ға дайындық , оқушылардың білім сапасы.
Құрметті ата - аналар!
Бүгінгі жалпыұлттық ата -аналар жиналысы "Халықаралық отбасы күніне" орай өткізіліп отырғанын айтып, құттықтап, баяндама оқыды.
Алда – бүкіл өмір, және жасөспірім оған өз күшіне деген нық сеніммен, ата-анасының оны түсінетінін және қолдайтынын сезініп, тіпті бәрі бірден қолдан келмесе де, алдағы уақытта қойған мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндігі боларына деген сеніммен қадам басуы тиіс екенін айтты.
Түлектердің ата-анасы қаперден шығармауы тиіс ең үлкен міндет : ҰБТ-ға дайындық Қазіргі уақыттқа дейінгі оқушылардың білім сапасын айта келіп, аз ғана уақыт қалғанда дайындықты одан ары күшейту керек екенін ерекше айтып өтті. Ата -аналарына қазіргі кезде балаларына көбірек көңіл бөліп, бала - біздің болашағымыз екенін ұмытпауымыз керек екенін ескертті.
Отбасында өзара түсіністік, өзара қолдау, сыйластық пен махаббат әлеуеті өрбуі тиіс!
Қазақ халық даналығы: «Ұлы жол үйiңнiң табалдырығынан басталады», - дейді.
Отбасылық құндылықтарды нығайту ,тату отбасы, бақытты балалар -Мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасы бағытында бейнероликтер көрсетіп толық мағлұмат берді.
2.Тәрие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Құрымбаева. "Мектеп бітіру кеші" (бітірушілер мектеп формасын сақтау).
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Құрымбаева ата - аналарды 15 мамыр -Халықаралық отасы күнімен құттықтады. Бейнеролик көрсетті. Отбасы сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете білейік! Тек қана бүгін емес , жылдың әрбір секундтынада, минутында, сағатында, тәулігінде, аптасында, айында отбасыңызды ыстық ықыласыңызбен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіздер! Себебі бүгін ең жақын адамдарыңыздың төл мерекесі. Сіздердің отбасыларыңызға жақсылық, қуаныш, ізгілік, амандық, ағайын- тумаларыңызға ауызбіршілік , кәсібіңізге береке, адал табыс, пайдалы білім, таусылмайтын бақыт тілейміз деп құттықтай отырып, екінші мәселе "Мектеп бітіру кеші" (бітірушілердің мектеп формасын сақтау) туралы Қ.Р.Білім және ғылым министрлігінің 01.02.2019 жылғы 2018-2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы" бұйрығын, "Кеген ауданын "Білім бөлімінің" 14.05.2019ж №98 "Мектеп бітіру кеші" мен "Соңғы қоңырау" кешін өткізу туралы бұйрығын ата - аналарға таныстыра отырып, мектепте "Соңғы қоңырау" салтанатты жиынының 25 мамыр 900 де өтетінін және де "Мектеп бітіру кешінің" уақытында басталып, аяқталуын ескерте отырып, мектепте қауіпсіздік шаралары: түлектер іс- шараларын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талартарын сақтау туралы барлық түлектер мен қонақтарға ескертілді және де нұсқаулық тарату; санитарлық және эпидемияға қарсы режимді, сондай - ақ жеке гигиенаны сақтау ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз етілетінін айтып өтті. Сондай- ақ ең басты мәселе мектеп бітіруші түлектерге мектеп формасын сақтай отырып, қымбат киім киіп ерекшеленуге, шамадан тыс әрленіп - сәнделуге, қымбат көлік жалдап қыдыруға тиым салынатынын ескертті. Осындай кеш барысында әкімшілік пен педагог қызметкерлерге ақшалай қаражат жинауға жол берілмейтінін баса айтты.
2. Тәрие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Құрымбаева. Жазғы демалыста ұйымдастыру жұмыстару жұмыстары.
Жазғы демалыста ата-аналар балалардың уақытын қайда өткізуді жоспарлап отырсыздар?
Жазғы демалыс басталғанда, балаларыңыз жазғы демалысын есте қаларлықтай етіп өткізуді ойланады.
Қаланың балаларын ауылдағы ата-әжесі барлар бір мезгіл сонда жібереді. Ал біз ауылда тұрып балаларымызды жазғы каникул кезінде қайда жібереміз?
Сіздер балаларыңыздың жазғы каникулда бос уақытын қалай жоспарлап отырсыздар?
Құрметті ата -аналар жазғы демалысқа санаулы күндер ғана қалды. Сондықтан әзірлік жұмыстары жасалынып жатыр. Мектебіміздегі 245 бала 100 пайыз толық қамтамасыз етілуі қажет. Әсіресе, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсету бағытында балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.
Мектеп жанындағы балалардың жазғы демалысы жылдағы дәстүр бойынша мектеп жанындағы күндізгі тынығу тамақпен, тамақсыз және табиғаттағы шатырлы лагерьлер ұйымдастырылып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оқушыларды үйірмелерге және спорттық секцияларға, көркейту-көгалдандыру, құрылыс-жөндеу бригадаларына тарту, тарихи орындарға саяхаттар ұйымдастыру шаралары қамтылады.
Жазғы мектеп жанындағы лагерь оқушылардың жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл түрі уақытша балалар ұтымының дамып, қалыптасуына әсер етсе, сондай-ақ әлеуметтік түсінік-қабілетін дамытуға негіз құрайды,олар алған тәжірибесін кез келген үжымда қолдана отырып, соңыңда оқу іс-әрекетінде де қарым - қатынас жасай алады.Еркін пікір амысуға үлкен мумкіндік жасалады.Еркін, қалыпты жағдай балалардың өз еркімен әрекет жасау қабілетін дамытуға оны ашуға жол ашады, белсенділігін арттырып, жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеуге, түрлі дағды, білім ашуын қалыптастырады деп сөзін аяқтады.
4. Р.Үсенұлы. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Педагог- ұйымдастырушы Р.Үсенұлы ата -аналарға ең басты мәселе балалардың қауіпсіздігі екенін айтты. Жазғы демалыстың аз ғана уақыт қалғанын айтып, 3 ай демалыста балаларды өрт, су, кене, тоқ, найзағай, жол қауіпсіздігінен қатаң сақтап, балаларын көзден таса қылмай қадағалау керек екенін түсіндіріп, бейнероликтер көрсете отырып әлеуметтік желінің балаға зияны мен әуестілігін ерекше қадағалап, баланың немен айналысып отырғанын бақылап отыру керек екенін айтты. Сондай -ақ баламен ашық сөйлесіп, бос уақытын тиімді ұйымдастырып беруіне баса назар аудару керектігін айтты.
Сөйлегендер:
Ата- ана Н.Садырова. Бүгінгі жалпыұлттық ата -аналар жиналысында көптеген өзімізге қажетті мәліметтер алдық, ата - ана, оқушы, ұстаз болып бірлесе жұмыс жүргізсек біздің балаларымыз болашақ еліміздің мықты азаматы болады деп мектеп ұжымына, келген қонақтарыға алғысын білдірді.

Шырғанақ ауылдық селолық округінің бас маманы Муханова Маржан Нұрәлімқызы. Біздің балаларымызға, жеткіншектерге үлкен тәрбиелік мәні бар жиналыс болды,бүгінгі алғанымызды тәжірибемізде, отбасымызда ой бөлісіп, мектеп, оқушы, ұстаз бірлесе жұмыс жүргізсек өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Кез келген уақытта балаларымызды қадағалап, қауіпсіздігін бақылып отырамыз. Жаз кезінде баламыздың демалысын ұйымдастырып, спорттық- сауықтыру шараларына қатыстырамыз деп.
Ата -ана Ахметова Медира. Мектеп бітіру кешіне байланысты айтылған ескертпелер өте дұрыс айтылған. Балаларымыз мектеп формасымен оқушы сияқты бітіріп, ақ бантиктерін тағып, бет әрлеу деген болмайды деп ойлаймын. Енді жоғарыда айтылған ҰБТ-ға дайындығымызды күшейтіп, баламыздың біліміне ерекше үйде көңіл бөліп көмектесеміз деп сендіремін.

Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылай келе жиналыс қаулы етеді:
1. Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ға дайындығын күшейту, оқушылардың білім сапасын арттыру пән мұғалімдері мен ата- аналарға міндеттелінсін.
2. "Мектеп бітіру кеші" (бітірушілердің мектеп формасын сақтау) бойынша ережелерді қатаң түрде сақтау 11- сыныптың жетекшілеріне тапсырылсын.
3. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Құрымбаева мен ата -аналар комитетіне тапсырылсын.
4.Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қол қойдыру сынып жетекшілеріне тапсырылсын.
5. Жаз кезінде балаларының қауіпсіздігін жіті қадағалау ата -аналараға міндеттелінсін.

Жиналыс төрағасы: Қ.Мусаева
Хатшы: А.Қадырбаева[center]«15 мамыр- Халықаралық  отбасы  күні
«15 мамыр- Халықаралық  отбасы  күні
«15 мамыр- Халықаралық  отбасы  күні
«15 мамыр- Халықаралық  отбасы  күні
«15 мамыр- Халықаралық  отбасы  күні
«15 мамыр- Халықаралық  отбасы  күні

[/center]