Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз! » Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!
15
июнь
2021

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!

Тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!

Аулада тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, жол жиегіне тасталған темекі тұқылы, күн сәулесі үшін линза ретіндегі әсерін тигізетін шыны сынығы – өртке себеп болатын қарапайым адами факторлар. Желді күндері осындай «ұсақ-түйектер» қасіретке айналуы мүмкін. От санаулы секундтар ішінде көрші учаскеге ауысып, тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстарды жоюға қабілетті.
Қайғылы жағдайды болдырмау үшін қоқысты және құрғақ шөпті өртеу кезінде негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
- Жазғы маусымда әрбір тұрғын үй ғимаратының жанында кемінде 200 литр жиынтық су қоры немесе өрт сөндіргіш болуы тиіс;
- Жанғыш қалдықтардың қоқыстарын үйіп қоюға жол берілмейді;
- Пайдаға асырылмайтын қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатақханалардың, саяжай кооперативтерінің, бау-бақша серіктестіктерінің, гараждардың және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткізгішпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарда жабылатын қақпақтары бар металл сыйымдылықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 25 метр қашықтықта орналасуы қажет;
- Қоқысты және құрғақ шөпті өртеу орнын дұрыс таңдау және дайындау керек.
- Ол құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан ашық алаң болуы керек.
- Тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде тұрмыстық қалдықтарды жағып, оны қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салынады.
Ескертпе: өртті байқаған жағдайда «101» «112» номерлеріне хабарласыңыз.

Кеген ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі