Төтенше жағдайлар департаменті » Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Төтенше жағдайлар департаменті
21
декабрь
2021

Төтенше жағдайлар департаменті

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне
республикалық тексеру жүргізіледі

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылғы 21 желтоқсанда азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізілетінін хабарлайды.
Тұрғындарды төтенше жағдайлардан қорғау бойынша басты іс-шаралардың бірі, оны уақытылы ақпараттандыру және табиғи, техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындауы немесе орын алу қатері туралы құлақтандыру болып табылады.
Тексеріс барысында электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары қосылатын болады. Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар Алматы облысының ТЖД Сіздерге Төтенше жағдайлар орын алғанда жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
- радио және теледидарды қосыңыз;
- шұғыл хабарды тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:
- көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.