Алғашқы қоңырау! » Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сентябрь
2019

Алғашқы қоңырау!

"Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен және Көкпияз бастауыш мектебімен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2019 жылғы 1 қыркүйекте "Саналы ұрпақ- жарқын болашақ" атты "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиынының өтілуі жайлы
1. Кеген ауданының "Білім бөлімі" ммлекеттік мекемесінің 29 тамыз2019 жылғы №147 бұйрығы негізінде 2019-2020 оқу жылына арналған "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиынын өткізудің мектеп бойынша бұйрығы шығарылып, іс - шара жоспары мен сценарийі жасалынып бекітілген.
2. Салтанатты жиын өтетін орын шарлар мен жалауша, гүлдермен безендірілген.
3. "Алғашқы қоңрау" салтанатты жиыны "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбында өткізілді.
3.1 "Білім беру ұйымдарында салтанатты іс - шаралар өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін қолдану рәсімі жөніндегі ережесін" басшылыққа алынып қадағаланды.
4. Салтанатты жиынға оқушылар мен мектеп ұжымы және ата-аналар, ауыл ақсақалдары, ардагер ұстаздар, ауыл әкімшілігіне шақыру билеттері беріліп, шақырылған қонақтар мен ата -аналар қатысты.
5. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары әдіскері Құдабаев Дастан Сұлтанмұратұлы мен Шырғанақ селолық округінің әкімі Оразбай Бекбатырұлы, ақсақалдар алқасының төрағасы Құрманғалиев Ермахан, аудандақ мәслихаттың депутаты Саниязов Серік, ардагер ұстаз Әбділдаева Қаншайым, Мананов Бақберген, Батырханова Роза, Нұржаубаева Оралхан, Әлімжанова Гүлсара, Әбділдаева Қаншайым, Әлмекеева Бақытгүл, Белғожаева Нұрғайша т.б қонақтар қатысып, сөз сөйледі.
6. Мектеп директоры Мусаева Қуан Несіпбекқызы оқушылар мен ата - аналарды, ұстаздарды , қонақтарды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жаз бойғы жеткен жетістіктерді жеке - жеке айтып өтті. ҰБТ- ден аудан бойынша бірінші орында тұрғанымызды айтып, барлық оқушылар грант иегерлері болғанын мақтанышпен айтты. Сондай -ақ шығармашылықпен айналысып жаз айында бос уақыттарын тиімді пайдаланған ұстаздарымыз Әтейбекова Нұргүл мен Балпықова Динарға мақтау қағаздарын табыс етті.
7. Оқушылардың жазғы кезіндегі сауықтырылуын ұйымдастырылу ата- аналардың демеушілігімен "Таужаңашар" лагеріне 8 оқушы барып демалып келгенін айтып, алғыс білдіріп, Елбасының "Болашаққа бағдар: туған жер" бағдарламасын орындап, өз үлестерін қосқаны үшін мадақтамамен 10 ата -ана марапатталды.
8. "Жүректен жүрекке" мектепке жол акциясы 2 ай бойы жалғасын табуда. Мектебіміздегі аз қамтылған отбасыларына демеуші болып, 6- сынып оқушысы Жексен Нұрдәулетке мектеп формасы, спорттық киім, т,б оқу - құралдарын алып берсе, 9- сынып оқушысы Бекмұханбет Мерейге "Таужаңашар" лагеріне 50 000 теңгеге демеушілік жасап, жолдама алып берген Құлбаев Айболды ерекше атап өтті. Осы акция негізінде 1- сыныпқа келген 19 оқушыға кітапшалар мен оқу - құралдары сыйға тартылды. 1- сыныпқа келген Ермахан Меруерт "Мектебім" әнін орындаса, 1- сыныпқа келген Кеңесбек Інжу мен Тұрсынақын Мансұр алғашқы қоңырауды соқты.
9. Кітапханада "Конституция - кемел келешектің кепілі" атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, оқушылар мен қонақтарға таныстырылды.
10. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны талапқа сай өтті.
Мектеп директоры: Қ.Мусаев