Алғыс айту күні! » Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2022

Алғыс айту күні!

Құрметті ауылдастар! 
Бүгін Алғыс айту күніне орай Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектепте бір қатар іс-шаралар өтті, ерекше  жақсы дайындықпен келген,  тәлімгер-ұстаз, білікті маман Бақбергенова Жанардың 7 сыныбы, көрермендерді тәнті етті. Мұратқызы Арайлым, Оразақын Еңлік әдемі дауыстарымен көпшілікті баурап алды, өзбек, қазақ билерін мың бұрала билеген биші қыздарда сүйсіндірді. Бес жылдан бері мектеп ұжымын басқарып отырған Мұсаева  Қуан Несіпбекқызы  ұжымын бүкіл аудандық, Республикалық деңгейдегі шаралардан қалдырған емес, белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Бүгін аудандық мәдениет үйінде өткен шараға алғысқа лайық екі адамды апарып келді, Қожағулов Құрманғали мен Тұрсыналиева Жамалды. Мектеп ұжымына, бүлдіршін шәкірттерге алғыс білдіріп қойғанымыз артық болмас